«Жар-Жар» бағдарламасы арқылы танымал болған жас жұбайлар

13-Шілде, 2011 Жаңалықтар

Тазабек пен КәмшатТазабек пен Кәмшат

Бағдарламаға қатысқаннан кейін өз қарым-қатынастарын заңды түрде тіркеуге шешім қабылдаған алғашқы жас жұбайлар.  Тазабек өзінің отыз  бес жасында айтарлықтай мансапқа ие болып, аяғына тік тұрған шағы еді. Өзіне лайықты жар табу туралы арманы оны «Жар-Жар» бағдарламасының студиясына келуге итермеледі, ол жерде Тазабек үшін үш ару күресті, оның ішінде Кәмшат та бар еді. Үшеуі де лайықты үміткерлер болып шықты, және жігіттің көңілінен шықты. «Қалыңдықты» таңдауға келгенде, жүргізушілер мен Тазабектің ойлары бір жерден шықпады. Тазабек гүл шоқтарын тек қана ақылымен және сұлулығымен ғана емес, сонымен қатар ас әзірлеу біліктіліктерімен де таңқалдырған, болашақ жарына деген күтімін ерекше білдірген Кәмшатқа ұсынды. «Жар-Жар» жобасы қатысушыларының алғашқы тойы қазақ халқының барлық салт-дәстүрлерін сақтаумен кең көлемде өткізілді. Тойда көптеген қонақтар болды, әрине оның ішінде жастардың тағдырын шешуші «Жар-Жар» теледидарлық жобасын ойлап табушылар да қатысты.

Әлібек пен АйнұрӘлібек пен Айнұр

Әлібек пен Айнұрдың тарихын олардың қатысуымен өткен бағдарламаны тамашалаған көрермендер мен бір көргеннен ғашық болу сезімін білетін жандар түсінеді. Студияға Айнұр кіріп келген кезде, Әлібектің жанары ару қызға бірден түскендігін байқамау мүмкін емес еді. Кейіннен Айнұр оған бір көргеннен ұнағанын,  бағдарлама соңында болашақ «қалыңдыққа» беретін гүлдің осы қызға тиесілі болатындығын бірден білгендігін айтты. Айнұр болашақ жарының ғана емес, сонымен қатар оның анасының да көңілінен шықты. «Мен Әлібектің әрекетіне риза болдым, ол бағдарламаға анасымен бірге келіп, оның сөзіне құлақ асты, Айнұр өте тәрбиелі және ашық қыз», деп Данагүл Темірсұлтанова өз әсерімен бөлісті.  Көрсетілімнен кейін жастар кездесіп жүрді. Біраз уақыт өткеннен кейін, Әлібек салт-дәстүр бойынша қалыңдықты алып қашып кетті. Қарым-қатынастағы үндестік пен татулықты сақтау ниетімен жас жұбайлар 4 шілде күні тойларын өткізді.

Серік пен ГүлмираСерік пен Гүлмира

«Жар-Жар» бағдарламасына қатысу Серік пен Гүлмираның тағдырын айтарлықтай өзгертті. Олардың ешқайсысы тағдырды шешуші кездесу нақ осы бағдарламада болады деп ойлаған жоқ еді. Серік жобаға берік отбасын құруға лайықты, тәртіпті, сүйкімді және үй тірлігіне икемі бар қызды кездестіру үмітімен келген еді.  Оның негізгі өмір құндылықтары шынайылық пен тәртіп болып есептелінетін. Гүлмира сабырлы, әдемі және тәрбиелі, Серіктің өзі сияқты мұғалім болып жұмыс істейтін ару болып шықты. «Жігіттің» әпкесі Гүлмира мен Серік мінездері бойынша ұқсайтындықтарын атап өтті.  Бағдарлама жүргізушілері Данагүл Темірсұлтанова мен Гүлнәр Жакупова Гүлмираға көңіл бөлуді ұсынды, ал астролог Гүлнәз Шарипова Гүлмираны жұлдызнама бойынша Серікке сай келетін өмірлік серік ретінде таңдауға ақыл қосты. Жастардың бір біріне деген сүйіспеншілігі отбасын құруға деген шешімге ұласты. Бағдарламаға қатысқаннан соң бірнеше ай өткеннен кейін, Серік Гүлмираға ұсыныс жасап, шілде айында жас жұбайлар тойларын атап өтті.

 

Пікірлер саны: 28

  1. Фархад:

    Жаксы екен!!!

  2. Жазира:

    Жар-Жар бағдарламасындағы қыздар мен жігіттер бірінен-бірі өтеді, сүйкімді. Сонда Жар-Жар бағдарламасына қатысу үшін кастингтен өту керек пе? менде қатысқым келеді))

    • "Жар-Жар" телеклубы:

      Жок кастингтен оту миндетти емес, тек гана анкетаны толтырсаныз болды, биз озимиз хабарласамыз.

  3. Айгерим:

    Sizderdin bagdarlamlarinizga katiskan juptar tez yilenip ketedi eken!! Adamdar jildar boyi jurip yilenbei ketedi!! Bul jaksi belgi dep oilaimin! bir korgennen gashik bolip kaldim degenge bayagida senbeyshi edim! kazir sene bastadim!!!!!!

    • Галия:

      Жар-жар бағдарламасын үнемі үзбей көремін. Өте қызықты бағдарлама, бір-бірінің сыңарын таба алмай жүрген жандар осы бағдарлама арқылы жұптары жарасып кетіп жатады. Бағдарлама жүргізушісі Данагүлге үлкен алғысымды білдіремін. Бағдарламаны өте қызықты жүргізеді, сұрақтарды нақты етіп қоя білетін тележүргізуші. Жар-жар бағдарламасы өрлей беросін. Қазақстанымыздың саны көбейіп, отбасы көбейісн деген ыстық ықыласымды білдіргім келеді.

  4. Айдон:

    Айгерим, мундай тойларга куанбасак ренжимеймиз, рас айтасын бугинде ЖАР ЖАР багдарламасы ен актуальды багдарлама, телеарналар ишиндеги ен керемет хабар десек те болады. Шындыгымды айтсам мен оз басым банкте кызмет етемин жасым болса 30 жакындап калды, турмыска шыгайын десем уакыт жок. танертеннен кешке дейн жумыста одан калды уйге силен тастай катып кешкурым келесин де тамак жасайсын, одан сон жастыкка басын тигенше асыгасын. Сондай куйки тирликпен жургенде жигит турмай бас кайгы болып кетеди, одан сон куйеуге шыгудын ози бир арман болып кетеди, осы ЖАР ЖАР хабарын кунделикти танертенги сагат 7-30 коруге тырысамын. ЖАР ЖАР хабарына асиресе ЖЕТИНШИ арнага улкен алгыс! Биз сиздермен ардайым биргемиз! Буйыртса бир кундери менде барып каламын сиздерге ЖАР ЖАР))

    • "Жар-Жар" телеклубы:

      Рахмет! Келиниз, катысыныз. Мумкин болашак жарынызды биздин Жар-Жар телеклубы аркылы кездестиресиз.

  5. Дина:

    Кыздар, бул пикирге менде косыламын. Анкетаны калай жиберуге болады?

    • "Жар-Жар" телеклубы:

      Сайттын жогаргы жагында арнайы «анкетаны енгизу» бети бар, соган кирип анкетаны толтырсаныз болады, миндетти турде суретинизди енгизиниз. Биз озимиз хабарласамыз.

      • Еркежан:

        Жар жар бағдарламасының ұжымына сұрағым бар, алыс каладағылар егер келе алмаған жағдайда калай болады екен. Екі жақты эфирге шықпай сырттай таныстырып яғни бір біріне анкеталарын жіберу арқылы таныстыру қарастырылмай ма екен. Солай болса жақсы болар еді……

        • "Жар-Жар" телеклубы:

          Ол жагы карастырылган,толык малимет алу ушин «Жар-Жар» телеклубына хабарласыныз. Байланыс телефондарымыз:87011259351,87776863016

  6. Талгат Атыраудан:

    Багдарламаларыныз жаксы екен жане бакытын сизден табуга болады екен. Ал мен болсам шын махаббаты издеп шаршадым.кыздын коби темеки арак ишеди.жаксыларын ибалы кыздар кайдасындар?

  7. Сабит:

    осылай жастар бир бирин таба берсин

  8. Жадыра:

    cәлеметсиз ба,сұрағым қалай анкетаны қалай толдырады.

  9. "Жар-Жар" телеклубы:

    Салем Жадыра. Анкетадагы койылган сурактарга жауап жазасыз, миндетти турде суретинизди енгизиниз.

  10. Arhun:

    орекеңдерден көшірсек те, негізі қалыспауымыз керек… тек қазақи элементтеріміз толып тұрса жақсы ақ болар еді
    Тамаша, ұнады
    Тіліміз бен мәдениетіміз өркендей берсін

  11. Алия:

    Сәлеметсіздерме, менің сіздерге қойатын сұрағым бар еді. Сіздердің бағдарламмаларыңызға жар іздеп келетін жігіттердің суретін алдын -ала көре аламызба? мен өзім емес, мені тандаса деймін. менін жасым 31- де, сіздердін бағдарламаларыңызға менен бір-екі жас кіші немесе үлкен жігіттер келеме?

  12. Салеметсiзбе Жар-жар багдарламасы. Маганда унайды осы багдарлама, менде омiрлiк жарымды осы багдалмама аркылы табатын сияктымын. Атым Мария:

    Жасасын Жар Жар багдарламасы!

  13. Алия:

    сәлеметсіздерме, сіздерге хабарласайын десем әр уақытта телефондарыныз өшірулі тұрады. сіздермен қай уақытта хабарласа аламыз?

  14. Алма:

    Жар-Жар багдарламасы оте жаксы ойлап табылган телебагдарлама деп ойлаймын…Ойтени,осы телебагдарлама аркылы каншама жастар бир биримен танысып,бакытты болганы бакытты болып,екинши биреуi озине жар тауып,ушиншиси таныстыктан дос туып бакытты болып жаткандар коп…Сондыктан осы «ЖАР-ЖАР»телебагдарламасына творчествалык табыстар,жобанын ужымына амандык,ар кайсысынын отбасына ынтымак пен береке тилеймин….Алма Кабыловна

  15. Талгат Шугаев:

    Жар жар багдарламасы оте кушти,керемет екен! Менин бир айтарым куйеиi кайтыс болган жесир калган айелдеримизди жар тауып берсениздер калай болады екен.биз сондай жандарымызды коп конил болген жон.себеби жесир айел иа жигитке бакытты болу керек деп ойлаймын.

  16. Алмас:

    Жар жар багдарламасы маган жаксы унайды.осындай багдарламалар коп болса екен.жумыстарынызга табыс тилеймин.

  17. Акшолпан:

    Сәлеметсіздерме, Жар-Жар багдарламасынын ужымы жане онын туракты корермендери!!! Шынымды айтайын, маган сиздердин багдарламаларыныз оте катты унайды, бурын сонды мундай гажайыптарга сенбеуши едим. Бирак озим куа болгандай омирде бари мумкин екен. Осыган тагы да бир козимизди жеткизгендеринизге мында бир алгыс. Гумырларыныз узагынан болып, жастардын жаралы журектерин табыстырып, мына омир агымында кос аккудай бакытты боп жузе берулерине данекер боп журе бериниздер! Негизи менде кейде сиздердин комектеринизге жугингеним дурыспа деп ойлайм, ойткени кунделикти куйбин тирликтен жеке омир маселелерине уакытта таба алмай жататынымыз да бар. Мен Астанада туратындыктан, багдарламага катыса алмаум мумкин. Сондыктан хат аркылы дос тауып немесе салмакты енбеккор жигитпен таныссам деймин. Рахмееет!!!

  18. Сымбат:

    Салеметсиздерме! Ендеше барлыгынызга тилерим саттилик!!! ал, Жар-жар телеклубына шыгармашылык табыс тилеймин!!!

  19. Баян:

    жар-жар багдарламасы алматыда гана отеме? астанада бар ма? рахмет!

  20. РУСЛАН:

    Жар-жар багдарламасына ажыраскан адамдарга катысуына болама!

  21. Алия:

    Саламатсызбе,Данагул апай,Менин сизден сурагым келген,Егер сиздин багдарламанызга келген жигит оз тандауын таппаганын коре отырып,ол жигиттин жаксы жан екенини ангарып,унаткан жагдайда Сол адамнын тел немнсе логинин алу мумкин бе,Тек багдарламга бару мидетти ме,Биздин кахак кыздарында уяндык болады, акеден де уяламыз,Егер таныс болып унаткан жагдайда гана,сизди хабардар етуге болама,Жауауп кутемин,рахмет

  22. Мархабат:

    Жар-жар бағдарламасы жаксы жастарға бағын жандырып, жол ашатын бағдарлама ! Талаптарыңызға нұр жаусын Жар-жар ұжымы! Тек биік шыңдардан көріне беріңіздер!

Пікір жазу

Анонс



Кадрдан тыс

0002 02 0003 01 0005 img_9214

Статистика