Жұбын жолықтыра алмай жүрген жандарды «Жар-жар» агенттігіне шақырамыз!

«Жар-Жар» агенттігі Сіздерге   жүректеріңізді  нұрға толтырып,   сүйіспеншілікке бастайтын сырлы сезім сыйын тарту етеді.  Махаббат атты мөлдір   мекенге жол ашады. Ал махаббат – бір-бірін шын ұнатқан қос  ғашықтың мәңгіге қол ұстаса, айнымасқа серт берісе шығатын биік шың.   Біздің мақсатымыз – жұптары жарасқан жандарды жолықтырып, тойдың жырына айналған «Жар-Жар» әнімен шығарып салу.

 
Әлдибек

Әлдибек

Әлдибек Қызылорда қаласының тумасы. Жасы: 26-да. Руы: адай. Үйінің кенжесі Әлдибек отбасын осы жылдан қалмай құру жоспарында бар. Анасының қолын ұзартып, келін қолын ұстатқысы келеді. Мамандығы инженер.Өмірлік ұстанымы «адал еңбек етсең, қарның тояды».

 
Асылзат

Асылзат

Асылзат Қызылорда өңірінде дүниеге келген. Руы: кіші жүз, әлім. Асылзаттың жасы 23-те. Мамандығы: мұғалім. Ал ең сүйікті ісі кітап оқу. Әр уақытта түсінуге тырысатын ашық мінезді жігітпен кездескісі келеді.

 
Бауыржан

Бауыржан

Бауыржан жігітке жеті өнер де аз деп біледі. Бір бойынан өнердің сан түрі табылады. Отбасының кенжесі. Көп тілді білгенім сол елді танығаным деп біледі.Сегіз тілді жетік меңгерген.Қазіргі таңда араб тілінің аудармашысы болып қызмет атқарады. Сондай-ақ, би өнерімен айналысады. Өмірлік ұстанымы: «Оқы, оқы ғалым бол, ең керегі адам бол!» Болашақ жарының да өнерлі, білімді адам болғанын [...]

 
Олжас

Олжас

Олжас-жеке кәсіпкер. Жас та болса бас болуды көздейді. Арманы ел экономикасын көтеріп, халқына қызмет ету. Болашақ жарының иманды, адал, ата-ананы сыйлай білетін қасиеттері болғанын қалайды. Бос уақытында спортпен шұғылданып, кітап оқығанды ұнатады.

 
Саида

Саида

Қазіргі таңда Саида – жас әнші. Жасы 20-да, Қызылорда өңірінде дүниеге келген. Болашақта үлкен әнші болғанды армандайды. Мінезі ашық, тіке сөйлегенді ұнатады. Өмірде мақсатты айқындап, соған қалайда жетуді көздейді. Еш уақытта  өмірден сынбауды көздейді. Өмірлік ұраны:  «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап». АБАЙ

 
Айжан

Айжан

Біздің кейіпкеріміз махаббат шуағын сезінбей тұрмысқа шықты. Жалынды жастық шағы 19 жасында , өзінен үлкен ер азамат алып қашып кетеді. Арманы бақытты болу. Болашақ жарының иманды, түсінігі мол, салмақты, баласына ардақты әке бола алатын ер азаматты жолықтырсам дейді.

 

Біздің қоғамға дәл қазір «ЖАР-ЖАР» сияқты бағдарлама аса қажет.

«Жетінші» арнадан осы  телеклуб ашылғалы қаншама жанның тағдырына куә болуда. Күйеуінен жастай  айырылған әйелдер, жесір боп 2-3 баласымен қалған жалғызбасты аналар «Жар-Жар» арқылы тағдырларын кездестіріп те жатыр. Осыған орай «Жар-Жар» телеклубының продюсерi әрi авторы Бибiгүл Дәулетбекқызымен  ой бөліскен едік.

 
1294742325Bodrum1[1]

Байқау нәтижелері!

Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылдың бірінші шілдесінде «Жетінші арнада» «Жар-Жар» бағдарламасы арқылы жұптасқан жұбайлар арасында «Жетіншімен бірге жарасымды жұпты таңдаңыз» байқауы жарияланған болатын. Көрермендеріміз өз дауысын байқауға қатысқан жұптардың ішінен жарасымды деп санаған жұптың біріне арнамыздың ресми сайты www.tv7.kz. адресі арқылы жіберуге мүмкіндік алған болатын.  

 
IMG_3545

«Жар-жар» бағдарламасындағы алғашқы үйлену тойы

«Жетінші арнада» – үйлену тойы. «Жар-жар» бағдарламасы арқылы танысқан жігіт пен бойжеткен Наурыз мерекесінде отау құрды. Жар іздеген Тазабек Сәмбетбай мен  Кәмшат Жақсылыққызының некесі қиылған тойда өнер жұлдыздары әнмен шашу шашты. Олар «Жар-жар» бағдарламасы арқылы ең танымал жас жұбайларға айналып үлгерді. Жар іздеген Тазабек осал жігіт емес. Бірнеше мекемеде лауазымды қызметтерде жұмыс істейді. Тек еңбекқор [...]

 

Анонс



Кадрдан тыс

0003 img_9214 02 0005 01 0002

Статистика